Алматы мен Шарджа арасында рейстер қайта ашылады
elorda.info
"Air Arabia" әуе компаниясы 2021 жылғы 21 мамырдан қайта бастайды.
ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасында аптасына 3 рет тұрақты рейспен ұшуға рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді "Air Arabia" әуе компаниясы 2021 жылғы 21 мамырдан қайта бастайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 әуе кемелерімен аптасына 3 рет (3, 5 және 7-ші күндері) орындалады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript