Тоқаев Жапаровты жаңа Конституция қабылдауымен құттықтады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2021 05:42 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы Садыр Жапаровтың жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Бүкіл халық қолдаған Ата заң Қырғызстанның ұзақмерзімді даму стратегиясының берік негізін қалайтын, ел егемендігінің қорғаны болатын және қоғамды біріктіретін басты құжат. Сіздің бастамаларыңыз бен реформаларыңыздың сәтті жүзеге асуы қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің халықаралық аренадағы беделін көтеруге септігін тигізеді. Қазақстан Қырғызстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы ретінде бауырлас қырғыз халқына алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беруге дайын, – делінген Ақорда жариялаған жеделхатта.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы Садыр Жапаровтың жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: