Коронавирустан қайтыс болушылардың тәуліктік статистикасы артып барады

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 15:52 24.kz
11 мамырдағы жағдай бойынша, елімізде 41 094 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 20 адам, пневмониядан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

11 мамырдағы жағдай бойынша, елімізде 41 094 адам КВИ-ден ем-дом алып жатыр (40,692: КВИ + және 402: КВИ -), оның ішінде 15 068 науқас стационарларда, 26 026 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ+ және КВИ- науқастар арасында:

802 науқас - ауыр жағдайда,

186 науқас - денсаулығы өте ауыр дәрежеде,

105 наусқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы

2021 жылдың 9 мамырындағы жағдай бойынша, COVID-19 белгілері бар пневмонияның 7 жаңа жағдайы тіркелді, бесеуі кісі өліміне әкеліп соқты, ем-дом алғандар арасында 48 адам сауықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: 53 571 жағдай тіркелді, кісі өлімі - 837, емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 52 332, - деп хабарлады құзырлы ведомства.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: