Жаңалықтар тізбегі
0

Мылжың әйел күніне 47 000 сөз, үндемес еркек 500 сөз айтады

Sputnik / Марина Серебрякова, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 21:57 Sputnik / Марина Серебрякова
Әйел кісілердің көп сөйлеу қасиеті бар.

Әйелдер еркектерге қарағанда көп сөйлейді! Америкалық ғалымдар осындай тоқтамға келіпті. Соңғы зерттеу нәтижелеріне қарағанда нәзік жандылар орта есеппен күніне – 16 215, еркек кіндіктілер күніне – 15 669 сөз айтып тастайды екен.

Бекжігіт Сердәлі, сазгер:

Телефонмен сөйлесек те елдің уақытын аламыз. Мінберге шықсақ та ұзақ сөйлейміз, ананы айтып, мынаны айтып, тағы ұзақ сөйлейміз. Тағы отырып аламыз. Әдеттен арылмай келе жатырмыз.


Танымал сазгер Бекжігіт Сердәлі егер америкалық ғалымдар бізге келіп, зерттеу жүргізсе "Жыл мылжыңы" сыйлығын Қазақстанға беретіне сенімді. Ал қоғам белсендісі оны керсінше, әр адамның темпераментімен, болмысымен байланыстыруда.

Айша Құрманғали, қоғам белсендісі:

Ол енді біздің табиғатымызға байланысты ғой. Ер азаматтар ойы салмақты, табиғатына тән нәрсе, сол түйсіне алмайды. Әйелдер интуициясы ғажап. Сол сетте сезінеміз, санада саралай аламыз, жеткізуге асығамыз.


Айта кетейік, шетелдік әлеуметтанушылар да әлемдегі ең мылжың адам күніне – 47 000, ал ең сөзге сараң кісі – 500 сөз сөйлейтін мәлімдепті.

Ержан Мырзабаев, психолог:

Психологиялық ерекшелікке байланысты деп айтуға болады. Әйел кісілердің көп сөйлеу қасиеті бар. Ол көп сөйлеу арқылы баламен сөйлеседі. Адамға психолог тұрғыдан қолдаушы рөл болғандықтан, еркектер ойлану арқылы шешуді ұнатады. Ерлерде конкретика бар.


Қысқасы, психологтар америкалық ғалымдардың келтірген ақпаратын растап отыр. Себебі әйел мен ерекетің көп сөйлеуі, мылжың болуы да психологиялық ерекшелік дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: