Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан экономикасының өсімі қалпына келуде – Әсет Ерғалиев

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2021 15:46 zakon.kz
Нақты сектордағы өсу 7,9%-ды құрады.

2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім өсу қарқыны өткен жылғы наурыз айынан бері алғаш рет 0,7%-ды құрады. Қазақстан экономикасы өсудің қалпына келу серпініне өтуде. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсаруда, деп баяндады бүгін Үкімет отырысына Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің баяндамасына сәйкес, өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсу байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетіп отыр. Сонымен бірге экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай өсуде. Жалпы алғанда, экономика өсімінің құрылымда сапалы өзгерістер байқалуда.

Экономика дамуының басты драйвері өткен жылдан бері нақты сектордың тұрақты өсуі болып табылды. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектордағы өсу 7,9%-ды құрады.

Құрылыс, ақпарат пен байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен және электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салаларында жоғарғы өсу жалғасуда. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібі соңғы он жылдағы ең жоғары өсуді көрсеткенін айта кеткен жөн.

Қызмет көрсету саласы қалпына келуде. Сауданың 5,7%-ға өсуі аясында қызмет көрсету секторы оң өсуді көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды және тұрақты өсу байқалуда. Бұл осы саланың бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетеді. Атап айтқанда өсім машина жасауда 20,6%, оның ішінде автомобиль құрастыруда – 25,4%, құрылыс материалдарында – 26,5%, химиялық өнімдер өндірісінде – 11,2%, пластмасса өнімдері өндірісінде – 18,5%, фармацевтикада – 26,2%, киім өндірісінде – 23,6% және жиһаз өндірісінде – 19,5% деңгейінде тіркелді.

Өндіруші емес салаларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Бұл экономиканың тұрақты және сапалы дамуына диверсификация арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 32,3%-ды құрады.

Инвестициялардың айтарлықтай өсуін өңдеу өнеркәсібі – 2,1 есе, құрылыс – 72%, ауыл шаруашылығы – 66%, ақпарат және байланыс – 61%, сауда – 28,3%, көлік – 27,6% және жылжымайтын мүлікпен операциялар – 27,5% деңгейінде көрсетті. Қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд долларға жетті, оның ішінде экспорт – 11,5 млрд долларды құрады. Бұл ретте шикізаттық емес тауарлар экспорты 15%-ға өсіп, 4 млрд долларға дейін жетті.

Тауарлар импорты 8,2 млрд долларды құрады. Оң сауда балансы 3,3 млрд доллардан асты.

Жалпы өңдеу өнеркәсібі бойынша өсу 7,7%-ға дейін жеделдеді.

13 өңір өңдеу өнеркәсібінде оң өсу көрсетті. Ең жоғарғы өсу Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысында байқалады.

Өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 4 өңірде байқалуда: Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында.

Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік орын алуда. Ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Түркістан және Жамбыл облыстарында байқалады. Төмендеу Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелді.

Құрылыс саласы жоғары өсу динамикасын көрсетуде. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ға ұлғайды. Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірлер оң өсім көрсетті.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғарғы өсуі Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында байқалады. Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 13,3%-ға өсіп, 3,5 млн. шаршы метрді құрады.

Осыған байланысты Павлодар және Алматы облыстарынан басқа барлық өңірлер оң өсім көрсетті.

Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Өнім шығару 3,0%-ға ұлғайды. 13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Ақмола облысы ең жоғарғы өсуді көрсетті. Бұл ретте, төмендеу Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: