Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі – 5%

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі – 5%, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 10:23 Сурет: freepik
12 шілдеде өткен үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% болғанын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде нақты сектор – 4,8%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,9%-ке өсті.


"Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда. Әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13% болды", - деп баяндады Әлібек Қуантыров.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 56,8%-ке, саудада – 32,2%-ке, ауыл шаруашылығында – 22,1%-ке, білім беруде – 21,5%-ке, сонымен қатар өнеркәсіпте – 10,9%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 11,4%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: