Жаңалықтар тізбегі
0

14 күнге оқшаулау. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2021 23:56 zakon.kz
Бұған дейін Мальдив аралында коронавирус жағдайының нашарлауына байланысты коменданттық сағат енгізілгені хабарланған болатын. "Эйр Астана" бұл елге тікелей рейстерді тоқтатты.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасы - "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесіне" сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әкімдер, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) соңғы 14 күн ішінде Қазақстан Республикасына келген және Мальдив аралына барған адамдар үшін 14 күн ішінде үйде оқшаулау (үй карантині) бұйырылады. Үй карантиніне оқшаулауда ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар анықтамасы болуына және COVID-19-қа қарсы вакциналануына қарамастан жүзеге асырылады;

2) соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралына барған адамдар 14 күн бойы медициналық бақылауға алынсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына соңғы 14 күнде Мальдив аралына барған-келген адамдардың тізімін берсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде министрліктің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандарына соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барған адамдардың тізімдерін берсін.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары соңғы 14 күн ішінде Қазақстанға келген, Мальдив аралына барған адамдар үшін 14 күн ішінде үйде оқшаулауды бақылауды және медициналық бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Қаулы 2021 жылғы 17 мамырда сағат 00: 00-де күшіне енеді.

Бұған дейін Мальдив аралында коронавирус жағдайының нашарлауына байланысты коменданттық сағат енгізілгені хабарланған болатын. "Эйр Астана" бұл елге тікелей рейстерді тоқтатты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: