Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирусқа қарсы вакциналау, әзірге ерікті болып саналады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 20:29 zakon.kz
2021 жылғы 16 мамырдағы статистика бойынша Алматыда екпе алғандардың жалпы саны - 270 568 адам.

Болашақта Covid-19-ға қарсы вакцина алынуы тиіс міндетті вакциналар тізіміне енуі мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірақ қазір мұндай қажеттілік жоқ, өйткені вакцинация қарқыны жақсы, - деді онлайн-брифингіде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарушы Лаура Мырзағали.

Брифинг барысында екпеден кейін қайтыс болған екі қазақстандықтың өлімінің себептері туралы сұралды. Лаура Мырзағали бұл фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және олардың өлімінің нақты себебі вакцинация болды деп айтуға ерте деп жауап берді. Оның қорытындысы осы жылдың маусым айында дайын болуы керек.

Сондай-ақ, брифинг барысында бүгіндері екпе алған соң қайта вирус жұқтырып алған 44 қазақстандық туралы мәліметке түсінік беру сұралды. Бірақ спикер мұны жоққа шығарылмайтынын, бірақ ауру кез-келген жағдайда жеңіл өтетінін және кісі өлімі ықтималдығы өте төмен болатынын жеткізді.

Аллергиядан зардап шеккендерге және анафилактикалық шоктан аман қалған және квинка ісінуі бар адамдарға вакцинация жасауға бола ма? Бұл сұраққа спикер былай жауап берді: "Мұндай адамдар да екпе салдырта алады, бірақ бұл міндетті түрде аурухана қабырғасында болуы керек, егер бірдеңе болса, дәрігерлер оларға бірден көмек көресе алуы тиіс".

Медициналық мекемелерден коронавирусқа қарсы вакциналаудың жалған төлқұжатын алуға қатысты да Лаура Мырзағали пікір білдірді.

Осы уақытқа дейін Алматыда екі жағдай тіркелді және қазір полиция бұл іспен шұғылданып жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барын салады және егер бұл жағдай болашақта қайталанса, ол туралы бірден көпшілікке жария етіледі, - деді ол.

2021 жылғы 16 мамырдағы статистика бойынша Алматыда екпе алғандардың жалпы саны - 270 568 адам.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: