Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда бой көтеретін жаңа көпірдің сызбасы таныстырылды

Александр Куприенко, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 22:08 Александр Куприенко
Көпірдің бойында демалыс аймақтарын жабдықтаймыз, ал көпірдің ішіне әткеншек орнатамыз.

Елордада жаңа көпір мен жаңа бақша пайда болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

"Б.Момышұлы даңғылы бойымен жағалауға дейін жаяу жүргіншілер желекжолын абаттандырамыз. Толқын тәрізді аллея аумағында үстел теннисі мен шахматқа арналған үстелдер, демалуға және әткеншек тебуге арналған көлеңкелі аймақтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл Триатлон паркін жаңа бөртегүл бағымен біріктіре отырып, эко-маршрут құруға мүмкіндік береді. Онда мыңнан астам бөртегүл көшетін отырғызамыз. Бөртегүл бақшасы болады", - деп жазды Көлгінов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 22:08

Былтыр Триатлон саябағын ауқымды абаттандыруды бастадық. Өткен жылы қалада алғаш рет көпір алаңдары абаттандырылды. Сарайшық көшесіндегі көпірдің астында спортпен айналысуға арналған бірнеше аймақ ашылды, саябақ аумағында футбол алаңдары орнатылды. Бұл көпір - Триатлон мен Президент саябағы арасындағы көпір, ол биыл өз жалғасын табады.

Мысалы, Тұңғыш Президент саябағында көлеңкелі бастырмалар, әткеншектер, үш субұрқақ, оның ішінде тұманды булану, орындықтар және т. б. орнатылды. Алдағы уақытта өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл көпір екі саябақты – Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша қала тұрғындары аудандар арасында кедергісіз жүре алады. Көпірдің бойында демалыс аймақтарын жабдықтаймыз, ал көпірдің ішіне әткеншек орнатамыз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2021 22:08

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар, бақтар) абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударамыз, өйткені бұл - қала дамуының ажырамас бөлігі.

Биылғы көгалдандыру жұмыстарының ерекшелігі аулалық аумақтардан, саябақтардан, скверлерден, бульварлардан, елді мекендерден басқа, көрікті жерлеріміздің іргелес аумақтарын көгалдандыруға кіріскенімізде. Бұл "бетон орындар" санын азайтады. Мысалы, "Астана Опера" аумағында емен бағы, Триатлон саябағында бөртегүл бағы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен "Астана Балет" аумағында жасыл бақ пайда болмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: