Вице-премьер карантиндік шектеулерді бұзушыларға шара қолдануды тапсырды

Біріншіден, тұрғындарды вакциналауға ынталандыру үшін біз түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, әкімдіктер де бұл жұмысты жүргізуге ат салысуы керек.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға карантиндік шектеулерді бұзушыларға шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Вице-премьердің айтуынша, қабылданған шаралар эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, аурушаңдық азайып келеді, бірақ алты аймақ әлі "қызыл" аймақта қалып отыр.
Осыған байланысты ол мемлекеттік органдарға бірқатар шұғыл шараларды қабылдауды тапсырды.
Біріншіден, тұрғындарды вакциналауға ынталандыру үшін біз түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, әкімдіктер де бұл жұмысты жүргізуге ат салысуы керек. Екіншіден, "Ashyq" қосымшасы карантиндік шараларды өрескел бұзушылықтар бар екенін көрсетеді. Сондықтан, Әділет министрлігі мен Бас прокуратура тәртіп бұзушыларға қатысты барлық тетіктерді пысықтау үшін осы мәселені қарастыру қажет, - деді Ералы Тоғжанов үкімет отырысында.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан болатын. Министрдің айтуынша, ауру жұқтырушылардың төмендеуі сынды оң құбылыс байқалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript