Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев күдікті емес, куәгер екен

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 22:28 inbusiness.kz
Оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады.

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды.

Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жарияланбайды, делінеді хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: