ШҚО-да ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 22:31 иллюстрация үшін алынды
Кей жерлерде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, 19-21 мамыр аралығында ШҚО-да дауыл тұрып, қатты нөсер жаңбыр жауады.

Кей жерлерде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Желдің екпіні 28 м/с-ға дейін жетеді, – деп жазылған хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, 20 мамырда ауа температурасы 7 градусқа дейін, 21 мамырда түні 3 градусқа дейін төмендеп, күн салқын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: