Елімізде пневмониядан көз жұмғандар саны әлдеқайда көп болып шықты

Денсаулық сақтау министрлігі өкпе қабынуынан қайтыс болғандардың саны неге күрт өскеніне қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар саны бұрын хабарланған көрсеткіштен әлдеқайда көп болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгін, 19 мамырда Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар туралы жаңартылған статистиканы ұсынды. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдан 2021 жылдың сәуіріне дейін 3 262 адам пневмониядан қайтыс болды.
Бір күн бұрын жарияланған статистикада 2020 жылы тек 863 адам пневмониямен ауырды деп көрсетілген.
Денсаулық сақтау министрлігі өкпе қабынуынан қайтыс болғандардың саны неге күрт өскеніне қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript