Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат этносаяси зерттеулер институтының штатын қысқартпауды сұрады

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 22:27 Ж.Құспанов
Небәрі 30 адамдық штаты бар шағын ұжымның мамандары өңірлерде қазіргі күрделі эпидемиялық ахуалда далалық зерттеулер жүргізіп келеді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Сауытбек Абдрахманов Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа өзінің депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, биылғы сессия басталғалы бері Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліске сайланған депутаттар мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Сондай кездесулердің бірі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында болды.

Бұл институт 2020 жылы мамыр айында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың этносаралық қатынастар саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі тапсырмасына орай құрылған. Институт қазірдің өзінде жүйелі, жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді. Бұған біз ұжыммен кездесіп, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты талдамалық, зерттемелік және сараптамалық қолдаудың нәтижелерімен нақтылы таныса келіп, көз жеткіздік. Институт ғалымдарының социология мен қақтығыстанудың (конфликтология) қиюласқан тұсында жұмыс істейтіні, өткір мәселерді айналып етпейтіндері, болса екен дегенді болған жай деп боямалап жеткізбейтіндері өте құптарлық. Осы орайда этносаралық ксенофобия проблемалары бойынша зерттеулердің қорытындылары жарияланған, ондай жағдайларды болдырмаудың жолдары ойластырылып, әртүрлі этностық топтардың өкілдері қатысқан кикілжіңдерге талдау жасалған.

Атап айтқанда, институт елдің 13 өңіріне 15 рет мониторинг жасауға шығып, этносаяси тәуекелдер картасын түзген, оған сондай қауіп бар деп саналатын елді мекендер кіргізілген. Небәрі 30 адамдық штаты бар шағын ұжымның мамандары өңірлерде қазіргі күрделі эпидемиялық ахуалда далалық зерттеулер жүргізіп келеді.

Қазақстан қоғамының бірегей көпэтностылығын, бүкіл әлемде әлеуметтік қақтығыстардың, ксенофобияның өршіп тұрғанын ескере келіп, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының әлеуетін арттыра түсу қажет деп санаймыз. Тиісті қамқорлық жасай алсақ, бұл мекеме этностық толеранттылықтың, татулық пен келісімнің қазақстандық моделін көңілдегідей етіп сақтаудың кілтін табатындай тетікке айнала алар еді.

Өкінішке орай, жұмысын жаңа бастап жатқан институт қазірдің өзінде штат құрылымын қысқарту, бюджет шығындарын оңтайландыру сияқты қиындықтармен бетпе-бет келіп үлгерген. Институт қызметіне 2020 жылдың 7 айында 262,8 миллион теңге бөлінген болса, бүкіл 2021 жылға бөлінген ақша 252,1 миллион теңге ғана. Осыған байланысты институт 2020 жылы 19 жобаны жүзеге асырса, 2021 жылға жоспарлаған жоба саны тек 9 болып отыр.

Институттың маңызды зерттеулерді жүзеге асыруымен қатар ұжымдағы қызметкерлер санын 25 пайызға қысқартумен де айналысуға мәжбүр етілгені өкінішті.

Тұтастай алғанда, зерттеу орталықтары мен институттарға бөлекшелеу көзбен қараған, олардың онсыз да аз ақшасын қысқартып, бәрібір бүтінделмеген күйі кететін бюджеттің жыртығын ғылымның есебінен жамауға тырысуды тоқтату жөн. Оның үстіне этносаралық мәселелердің көкейкестілігі арта түскен қазіргі жағдайда өзі де шағын ұжымның штатын одан әрі қысқарту институт қызметінің тиімділігін кемітіп қана қоймай, білікті мамандардың басқа жаққа ауысып кетуіне әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

Осы аталған жағдайларды ескере отырып, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов келесідей ұсыныстарын жеткізді.

1. Этносаясат саласындағы мамандардың жетіспеушілігіне байланысты

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының штат санын қысқартпаудың мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

2. Бүгінгі дүниеде жаңа сын-қатерлердің арта түскенін, этносаралық

салада қақтығысшылдықтың (конфликтогенность) көбейіп бара жатқанын ескере келіп, алдағы жылдарда этноаралық зерттеулерге бөлінетін қаржыны қазіргіден молырақ көздеуді өтінеміз.

Осы депутаттық сауалды тиісті заңнама талабына сәйкес қарап, жазбаша жауап қайтаруды сұраймыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: