20 мамырға арналған ауа-райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста және шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.
20 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста және шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашын болмайды. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел соғады, бұршақ түсуі де ықтимал, деп ескертті синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде: + 5 + 7 ° С, күндіз: + 20 + 22 ° С.
Алматыда күндіз нөсер жауады. Кейде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде: + 14 + 16 ° С, күндіз: + 22 + 24 ° С.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: + 17 + 19 ° С, күндіз: + 31 + 33 ° С.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript