Қазақстандық пара таеквондошылар Токио ойындарына тағы 2 жолдама алды

ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2021 22:26 ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеті
Жалпы есепте Токиода 3 пара таеквондошымыз бақ сынамақ.

Қуанышты хабар Иордания астанасында өтіп жатқан Азия квалификациялық жарысынан келіп жетті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Ол жерде Қазақстандық паралимпиадашылар Нышан Өмірәлі ерлер арасында 75 келіде және Камила Ақылбай әйелдер арасында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болды. Әдеттегі жарыстарда К-43 санатында өнер көрсетіп жүрген қос спортшымыз да Токиода паралимпиада ойындарының ережелеріне сай К-44 санатында бақ сынамақ.

Еске сала кетсек, былтырғы жылдың қаңтар айында паралимпиадашылар арасында ең алғашқы болып жолдамаға ие болған пара таеквондошы Нурлан Домбаев болған еді. Жалпы есепте Токиода 3 пара таеквондошымыз бақ сынамақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: