Бағыс және Хиебон елді мекендері Қазақстанға өтті
Dilyara Issa (RFE/RL)
Қазақстанның жері сәл кеңейді.
ҚР Үкіметінің қаулысымен жалпы алаңы 795,62 гектар жер Түркістан облысының шекарасына қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойды.
Қаулыға қосымшаға сәйкес, Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін, делінген.
Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript