Жаңалықтар тізбегі
0

Мойынқұмда "Жомарт түлек" форумы өтті

tarazy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39 tarazy.kz
Шараға арнайы келгендердің арасында әнші Асылхан Шүңіреков болды.

Жамбыл облысының әр ауданында "Жомарт түлек" форумдары өтіп жатыр. Мақсаты — өз ауылына, өз мектебіне қол ұшын созып, керегін алып беріп, стипендия тағайындап жүрген азаматтардың онлайн/оффлайн форматта басын қосу. Осындай бір шара Мойынқұм ауданында пандемияға байланысты барлық талаптар ескеріле отырып, ұйымдастырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайырымдылық шараларын, меценаттықты үзбей атқарып жүрген мойынқұмдықтар арасында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, "Тараз" триосының солисі Асылхан Шүңіреков, Исабеков Бәкір, Бейсебаев Бәкен, Жазықбаев Жайдар және тағы басқа азаматтар алды баспанаға мұқтаж жандарға үй алып берген болса, басқалары аз қамтылған отбасыларға азық-түлігін, отын-суымен көмектесіп келеді, сондай-ақ стипендия тағайындап жатқандары да бар. Шамамен шараға арнайы шақырылған 40-тан аса түлектің жас аралықтары да әртүрлі (30-65 аралығында), біреулері жас болса да бас болып көмек көрсетуден аянып қалған емес. Ал материалдық тұрғыдан Жомарт түлектердің барлығы дерлік бай-бақуатты не шенді қызметте отыр деуге келмейді, қарапайым жандар да қайырымдылықтан ада емес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz)

Шақырылған қонақтың тең жартысы онлайн режимде қатысты. Ал шараға арнайы келгендердің арасында әнші Асылхан Шүңіреков болды. Әнші өз заманы мен бүгінді салыстырып, кем-кетіктеріне тоқталды.

Мен 1975 жылы сегізінші сыныптан соң Мойынқұм ауылындағы СПТУ 62-ге оқуға түстім. Оған дейін Қылышбай ауылындағы Карл Маркс мектебінде білім алдым. 1978 жылы түлеп ұштық. Міне 43 жыл өтіпті. Сыныптастарым, әсіресе қыздар жағы жан-жаққа тарап кетті. Ауылда шаруа қожалығын ұстап отырған сыныптастарым бар. Қазіргі оқушыларға қараймын да "ай мыналардан патриот шықпайды-ау" деп ойлаймын. Өйткені біздің кезде идеология мықты еді. Оқушы болсақта қызметте жүргендей, өсу бар еді. "Октябряттан" "Пионерге" жету, одан кейін "Комсомолға" жету, одан "Партияға", содан кейін ғана қызметке кету. Оның арасында әскерге барып келу бар. Осылайша отансүйгіштікті бала кезден сіңірдік. Жалпы әр нәрсенің жақсысын алу керек қой. Ал қазіргі жастардың ойы шетелде оқу, сонда жұмыс істеу, ауылға келетін, көтеретін жастарды аз көремін. Әрине бұл менің ойым, — дейді "Тараз" триосының солисі Асылхан Шүңіреков.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39

Әншінің айтуынша, мәселе көмектің қанша қаражатпен бағаланатынында емес, маңыздылығында. Жомарт түлек форумы осындай меценаттар елге, билікте жүрген азаматтарға, қалталы азаматтарға үлгі болса деген ниет білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39

Менің анам, Жәмиля Ахметова өзім оқыған Қылышбай ауылындағы мектепте кезінде директор болды. Сол кісінің атынан оқушыларға стипендия тағайындауды қолға алдым. Оқушыларды ғана емес мұғалімдерді де қамтысақ деген ойдамыз. Енді анамның атынан жыл сайын Олимпиада ұйымдастырсақ деген ниеттемін, оқушылардың білімін шыңдап, қаржылай сыйлықтарымыз болады. Оны қазір мектеп әкімшілігімен ақылдасу үстіндеміз, — деп түйіндеді Асылхан Шүңіреков.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:39

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: