Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы турнирді сәтті бастады

ktf.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 16:02 ktf.kz
Д.Евсеев бастапқы кездесуін хорватиялық Нино Сердарушичпен өткізді.

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Тимофей Скатов Оэйраш (Португалия) челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстанның Теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Д.Евсеев бастапқы кездесуін хорватиялық Нино Сердарушичпен өткізді. Қазақстандық теннисші 1 сағат 40 минутқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Д.Евсеев 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Ол келесі айналымда португалиялық Нуно Боргеспен кездеседі.

Т.Скатов алғашқы айнадымда Нидерланды өкілі Игор Сийслингті 2:6, 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Тартысты бәсеке 2 сағат 14 минутқа созылды. Т.Скатов 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз пайдасына жазды. Ол ширек финалға шығу үшін тағы бір португалиялық Гонсалу Оливейрамен шеберлік байқасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: