Білім берудің бірыңғай онлайн-платформасын іске қосу ісі қыркүйекке шегерілді

greatlabel.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 22:25 greatlabel.ru
2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында толыққанды білім беру үдерісіне қажетті барлық функциялардан тұратын онлайн-платформа әзірлеуді тапсырған болатын.

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дейін Білім берудің бірыңғай онлайн-платформасын іске қосуға уәде берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазір жұмыс жүріп жатыр. Жаңа оқу жылының басында ол аяқталады, сол кезде білім беру ұйымдары оны қолдана алады, - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында толыққанды білім беру үдерісіне қажетті барлық функциялардан тұратын онлайн-платформа әзірлеуді тапсырған болатын.

2021 жылы наурызда премьер-министр Асқар Мамин сенатор Ольга Перепечинаның парламенттік сауалына жауап бере отырып, платформа сәуір айында іске қосылатынын мәлімдеді, бірақ оқу жылы аяқталғанда да платформа іске қосылмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: