Қанат Мусин ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып тағайындалды

Қанат Мусин Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 маусымдағы ұсынысына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 82-бабы 1-тармағына және 31-бабының 1-тармағына сәйкес, Мусин Қанат Сергейұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлансын.
Қанат Мусин 1966 жылы 27 ақпанда Нұр-Сұлтанда дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
- Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
- мамандығы - заңгер.
- Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.
Еңбек жолы:
1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.
1986-1989 жылдары "Целиноградоблгазтоп" өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.
1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.
1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.
2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.
2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.
2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
Өзге лауазымдары:
2020 жылдың қарашасынан бастап "Nur Otan" партиясы Құқықтық кеңесінің төрағасы.
2021 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы.