Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қаражатты қолма-қол ақшаға аударған топ сотталды 

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 16:30 zakon.kz
Төрт ұйымдастырушы 6,5 жылға сотталды.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан, 7 адамнан құралған қылмыстық топ іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш жыл ішінде ҰҚТ бақылауындағы 19 компанияның шоттарын пайдалана отырып, коммерциялық ұйымдарға 8 млрд.теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткен.

Төрт ұйымдастырушы 6,5 жылға сотталды, үш сыбайлас 3 жылдан 4 жыл және 8 ай мерзімге шартты түрде сотталды.

Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың 200 млн.теңгеден астам сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша (АЖ/ТҚ) Еуразиялық топтың мәліметтері бойынша, қылмыстық қолма-қол ақшаға айналдыру келесі мақсаттарда қолданылады:

1. Салықтан жалтару.

2.Пара беру қажеттілігі.

3. Заңсыз кірістерді жылыстату (экономикалық қылмыстардан немесе тыйым салынған қызметтен).

Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырудың ең көп таралған әдістерінің бірі – бір күндік фирмаларды пайдалану.

Миллиардтаған айналымы бар мұндай компаниялардың директорлары қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардан басқа, студенттер, зейнеткерлер немесе тіпті жұмыссыздар бола алады. Көбінесе оларға белгілі бір пайда уәде етіледі, ал кейбір жағдайларда олар "өздеріне тиесілі" фирмалардың бар екенінен хабарсыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: