Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ҰЭМ бөлшек салық режимі туралы түсініктеме берді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 18:06 ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Режімнің пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. Салық төлеушілер санының өсуі күтілуде.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2000 салық төлеушінің бөлшек салық режіміне көшуі туралы болжамға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

1 қаңтардан бастап бөлшек салық режімі енгізілді. Қызмет түрлерінің тізбесі ақпанда бекітілді. Сондай-ақ режімді қолдануға өтініш нысанын дайындау қажет болды.

Осыған байланысты режім наурыздан бастап қолданыла бастады.

Яғни, режім іс жүзінде тек 3 ай жұмыс істейді.

Осы кезеңде 334 салық төлеуші тіркелді. 2000-нан астам салық төлеушінің режімге көшуі жөніндегі болжам 2 жылға жасалды (2021-2022 жылдар).

Режімнің пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. Салық төлеушілер санының өсуі күтілуде.

Қоғамдық тамақтану саласындағы 115 субъектіге осы режім қолданылады.

6% мөлшеріндегі мөлшерлеме ҚҚС және әлеуметтік салық бойынша салық жүктемесі болмайтындықтан тартымды болады.

Режім айналымы ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асатын (30 мың АЕК – 87 млн.теңге) адамдар үшін тиімді. Режімге өткеннен кейін олар ҚҚС төлемейді. Салық шегерімдер мен түзетулерді қолданылмай, қарапайым тәсілмен есептеледі.

3% мөлшеріндегі қолданыстағы мөлшерлеме ҚҚС-ты алмастырады. Мөлшерлеме шағын бизнес субъектілерінің табысы салығынан үш жыл босатуды ескере отырып айқындалған. Мұндай мөлшерлеме олардың режімге өтуін тиімді етеді.

2023 жылы босату мерзімі аяқталады. Қолданыстағы мөлшерлемеге шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация режімінің 3% мөлшеріндегі салық мөлшерлемесі қосылды.

Қоғамдық тамақтандыру саласында салық төлеушілер санын арттыру бойынша есептер жүргізілген жоқ. Режімнің мақсаты бұл емес.

Режімнің негізгі міндеті – осы саланы қолдау, айналымдарды көлеңкеден шығару және осы саладағы еңбек қатынастарын заңдастыру.

Болжам бойынша, 2023-2024 жылдары бизнес 18 млрд теңге үнемдейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: