Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-тың жаңа санкциясынан соң Ресей ЕАЭО аясында рубльді нығайтуға көшті

inbussines.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2021 15:58 inbussines.kz
АҚШ пен Еуропа санкциялары арқылы экономикаға залал келтіре алмас үшін Ресей доллардан бас тартудың амалдарын қарастыруда. Қазір тек теңге емес, АҚШ доллары, еуроға қатысты да рубльдың қымбаттауы байқалады.

Еуразиялық экономикалық одақтың доллардан бас тарту мәселесі көтерілгелі Ресей валютасы теңгеге де, долларға да қатысты біршама нығайды. Бір апта бұрын ғана 5 теңге 85 тиын тұрған 1 рубль қазір 6 теңгеге саудалануда, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

14 маусымда доллар арзандап, таңғы сессияда 426 теңге 73 тиын боп бекітілген. Қазір кейбір ақша айырбастау орындары Ресей ақшасын сатуды мүлдем тоқтатып қойған. Сарапшылар мұны алыпсатарлардың өзіндік айласы дейді. Яғни айырбастау пукнттері рубль тағы да қымбаттай түседі деген үмітпен бұл валютаны жинауды жөн көріп отыр.

АҚШ пен Еуропа санкциялары арқылы экономикаға залал келтіре алмас үшін Ресей доллардан бас тартудың амалдарын қарастыруда. Қазір тек теңге емес, АҚШ доллары, еуроға қатысты да рубльдың қымбаттауы байқалады. Қазақстанның да, Ресей валютасының да бағамы мұнай бағасына тікелей байланысты. Өйткені Брент маркалы қара алтынның баррелі қымбаттап 70 долларға жетті. Бұл да теңгенің де, рубльдің де долларға қатысты нығаюына әсерін тигізуде.

Әкімжан Арупов, экономист:

- Рубльдің долларға қатысты арзандауы біздің экономикаға әсер ете қоймайды. Бізде тек осы жағдайға байланысты төл валютамыздың бағамына түзету енгізілді. Теңге құны бұдан әрі қатты құбылмауға тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: