Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда Қазақстан - Америка экономикалық форумы басталды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2021 22:03 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Форум Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға 30 жыл толуына орайластырылған.

Қазақстан-Америка экономикалық форумы 14-17 маусым аралығында онлайн форматта өтуде, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі, "KAZAKH INVEST" ҰК "АҚ АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстан-Америка экономикалық форумына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының ірі бизнес және ұйымдардың басшылары қатысты.

Форумда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев спикер ретінде қатысып, облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктері туралы Форум қатысушыларына презентация жасады.

Ауқымды шара барысында ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру, инфрақұрылым және цифрландыру, денсаулық сақтау және фармацевтика, энергетика және тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықтың трендтері мен перспективалары талқыланды. Бизнес-форумның мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық экономикалық-инвестициялық әріптестік пен сауда ынтымақтастығын дамытуды нығайту.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: