Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне төраға сайланды
видеодан кадр
Арман Қожахметов сайланып кетті.
Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" Заңға сәйкес Мәжілістің Заңнама және сот - құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Нұрлан Нығматулин ұсынып отырған кандидаттың білікті заңгер осы салада көптеген қызметтерді абыроймен атқарып келе жатқанын алға тарта келіп:
- Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы Заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де жеткілікті, - деді.
Айта кету керек, жалпы отырыс барысында осы уақытқа дейін Мәжілістің Комитетін басқарып келген Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қаулы қабылданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript