Ақша айырбас орындарының алтын құймалары бойынша саудасына өзгеріс енді

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 16:56 inform.kz
Бұрын банктік емес ақша айырбастау пункттері халықтан тек 2017 жылы және одан кейін шығарылған алтын құймаларын сатып алып, сатып келген.

Қазақстанда ақша айырбастау пункттеріне 2017 жылға дейін шығарылған алтын құймаларды сатып алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасымен ақша айырбастау операцияларын жүзеге асыру ережелеріне енгізілген өзгеріс пен түзетулерге сәйкес, банктік емес ақша айырбастау пункттеріне Ұлттық Банк шығарған 2017 жылға дейін тазартылған алтын құймаларын халықтан сатып алу құқығы берілді, делінген қаржылық реттеу органы хабарламасында.

Жаңа ереже 2 маусымда өз күшіне енді.

Бұрын банктік емес ақша айырбастау пункттері халықтан тек 2017 жылы және одан кейін шығарылған алтын құймаларын сатып алып, сатып келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: