Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейлік азаматшадан ақша өндіру арызын берген қай министрлік?

astanatv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 21:46 astanatv.kz
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің комитеті берген екен.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджет қаражатын өндіріп алу туралы талап арыз бергені туралы хабарлама дұрыс ақпарат емес, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі

Бірқатар қазақстандық БАҚ Ресейдің "Вести Омск" ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып, Светлана Киршоваға қатысты сот процесі туралы ақпарат таратты. Ол алаяқтық жасап, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан аса ірі көлемде қаржы ұрлады деп айыпталуда. Ақпараттық материалдарда РФ азаматшасы Светлана Киршоваға қатысты жүргізілген қылмыстық іс аясында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ұрланған бюджет қаражатын өндіріп алу туралы талап арыз берген деп көрсетілген.

Негізі, бұл хабарлама дұрыс емес және бұқаралық ақпарат құралдарының оқырмандары мен көрермендеріне теріс ақпарат таратады. Бұл қателік ресейлік ақпарат көздерінің Қазақстан Республикасының орталық билік органдарының құрылымы туралы білмегендігінен болып отыр.

Осыған байланысты ҚР АШМ келесіні хабарлайды:

Шын мәнінде, қылмыскер бюджет қаражатын Су ресурстары комитетінің есебінен 2003 жылы ұрлаған, ол кезде бұл мекеме ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болған.

Алайда, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 2019 жылдың маусым айынан бастап Су ресурстары комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына өтті.

Сондықтан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі айыпталушы ресейлік Светлана Киршовадан қаражат өндіріп алу туралы талап арыз бермегенін хабарлаймыз.

Белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, мемлекет атынан талап арызды Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Су ресурстары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі берген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: