Алматының қай жерінде жұрттың коронавирус жұқтыратыны аталды

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2021 18:53 Алматы қаласының әкімдігі
Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирус жұқтырудың негізгі орындарын атады.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында соңғы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша азаматтардың 90%-ы коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болуы екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрынғыдай қоғамдық орындарда жұқтыру қаупінің жоғары - 49%, отбасыларда - 22%, ал қоғамдық көлікте - 18%.

Көбінесе 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтардың - 33%, 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтардың - 28%, ал 60 жастан асқандардың 25% жиі ауырады. Осы жас санатындағы азаматтар барлық науқастардың 86%-ын құрайды.

Ж.Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды: жабық бөлмелер мен адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде тағуды, сондай-ақ сапарға жиі шығудан, адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға барудан аулақ болуды ескертті. Аурудың алдын алудың маңызды шарасы – гигиена, әсіресе қолды таза ұстау.

Сөзінің соңында Ж. Бекшин қала тұрғындарын белсенді түрде вакциналануға шақырды. Ол адамдардың қауіпті инфекциядан қорғайтын вакцина алмаса, аурудың азаймайтынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: