Алматыда жанатын "зебра" пайда болды

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 16:49 kolesa.kz
Егер тәжірибе сәтті өтсе, проекциялық өткелдер қаладағы адам көп жүретін қиылыстарға қойылады.

Жаяу жүргіншілерге арналған айрықша жолақ Гоголь мен Мұратбаев қиылысына сызылды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жақын маңда мектептер, базар және бірнеше дүкен бар. Полиция департаменті түсіндіргендей, проекциялық өткел жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеке инвестордың ақшасына салынды.

Тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы жанатын жолақтың қандай нәтиже көрсететінін анықтап, жаяу жүргіншілердің пікірін біледі. Егер жоба көңілден шықса, осындай өткелдер қаладағы адам аяғы қалың қиылыстарда пайда болады.

Айта кетерлігі, проекциялық жолақтар Нұр-Сұлтанда тәжірибеден өтіп жатыр. Ақпанда Қабанбай батыр даңғылының Атасу көшесімен қиылысына жақын маңға салынған, біраз күн бұрын Сарайшық көшесінде пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KOLESA.KZ (@kolesa.kz)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: