1,7 млн қазақстандық толықтай екпе алған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 17:43 zakon.kz
Премьер-министр Парламентте дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бір сәтке тоқтамас үшін 38 позиция бойынша 6 млрд теңгенің екі айлық көлемінде дәрі-дәрмек қоры құрылғанын мәлімдеді.

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстандағы вакциналау процесіне тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ПТР тестілеудің мүмкіндігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 есеге өсіп, тәулігіне 123 мың тестке дейін жеткен.

Бүгінгі күні бірінші компонентті шамамен 2,8 миллион адам, екінші компонентті - 1,7 миллион адам салдыртты, - деді үкімет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Ол дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бір сәтке тоқтамас үшін 38 позиция бойынша 6 млрд теңгенің екі айлық көлемінде дәрі-дәрмек қоры құрылғанын мәлімдеді.

Бүгін, 21 маусымда Парламент Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: