Жаңалықтар тізбегі
0

Есеп комитетінің басшысы Қаржы министрлігін сынға алды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 18:21 zakon.kz
Уәкілетті мемлекеттік орган ескертулер бойынша не аудиторлық органға, не Мәжіліс, не Сенат депутаттарына түсініктеме бере алмады - Годунова.

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Қаржы министрлігін депутаттарға аудит бойынша ескертпелеріне қатысты түсінік бере алмғаны үшін сынға алды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге арналған резервтер бар. Салықтық тексерулердің тиімділігін арттыру, кедендік статистикадағы сәйкессіздіктерді азайту жағынан сапалы өзгерістерді байқап отырмыз. Артық төленген жағдайлар мәселелері де шешілген жоқ. Сонымен бірге уәкілетті мемлекеттік орган ескертулер бойынша не аудиторлық органға, не Мәжіліс депутаттарына, не Сенат депутаттарына түсініктеме бере алмады. Бірақ оның орнына баспасөз арқылы өз-өзін жақсы көрсетуді дұрыс деп шешкен секілді. Шамасы, мәселенің күрделілігіне және оқырмандардың кәсіби мәліметтерді жете түсіне бермейтіндігіне барынша сенім артқан секілді олар, - деді Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Осыған қарамастан, ол кемшіліктер мен бұзушылықтар жойылмады деді. Олардың барлығы аудиторлық дәлелдемелермен расталған.

Бірақ бюджеттік саясатты реформалау керек! Ашықтықты, есеп берушілікті арттыру және бизнеске мемлекеттік көмек тетіктерін қайта қарау арқылы. Атап айтқанда, тиімсіз салық жеңілдіктерін жою және оларды жүйелеу, көлеңкелі экономикаға және салық төлеуден жалтаруға қарсы дәйекті күрес арқылы салық базасын кеңейту бойынша шаралар қабылдау арқылы, деп сөзін толықтырды Есеп комитетінің басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: