Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының экономикасына 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Жамбыл облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 20:21 Жамбыл облысы әкімдігі
Негізгі капиталға салынған нвестицияда айтарлықтай өсім байқалады, ол бойынша көрсеткіш - 21,1 пайызға өскен - облыс әкімі.

21 маусымда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг барысында облыстың ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аймақ басшысының айтуынша, пандемиялық және карантиндік шаралардың кері әсеріне қарамастан, мемлекет басшылығының қолдауының арқасында есепті кезеңде Жамбыл облысының экономикалық өсімі 101,6 пайызды құрап, оң динамика сақталып отыр.

"Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,7 пайызға өсіп, 230,3 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығы – 2,9 пайыз (55,1 млрд. теңге), құрылыс – 6,5 пайыз (31,4 млрд. теңге), пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 204,3 мың шаршы метрді құраса, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға артқан", - деді Бердібек Сапарбаев.

Негізгі капиталға салынған нвестицияда айтарлықтай өсім байқалады десек, ол бойынша көрсеткіш - 21,1 пайызға өскен. Осылайша, аймақ экономикасына 98,2 миллиард теңге тартылған.

"Жыл басынан 436 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылуда, бүгінге оның 74,1 млрд теңгені құрайтын 5 жобасы орындалған", - деп толықтырды аймақ басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: