Жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі арттырылуда

ҚТЖ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 15:40 ҚТЖ
Аягөз және Ақтоғай станцияларына салынған тыйым сақталады.

ҚР Ведомствоаралық комиссиясының 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттарына сәйкес № 31/32 "Алматы-2 - Павлодар" жолаушылар пойызының жүру жиілігі артады, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК "АҚ баспасөз қызметі.

Белгіленген күндердің орнына, 2021 жылдың 26 ​​маусымынан бастап ол Алматы-2-ден күн сайын жүретін болады.

Сонымен бірге Дегелең, Семей, Жаңасемей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз және Ақтоғай станцияларына билеттерді сатуға және отырғызып / түсіруге салынған тыйым сақталады.

Коронавирустық инфекцияның таралу кезеңінде біз жолаушылардан bilet.railways.kz сайтында пойыз билеттерін онлайн режимінде және "ҚТЖ Билеттері" мобильді қосымшасын қолдана отырып, ресімдеуді, сондай-ақ теміржол вокзалдары мен пойыздардың ішінде маска режимін сақтауды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: