Жаңалықтар тізбегі
0

Бір тілде сөйлемеген халық біріге алмайды – депутат

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 17:15 Ж.Құспанов
Қазақстан 30 жылда экономикада айрықша табыстарға жетті.

Мәжіліс депутаты Ф. Қаратаевтың депутаттық сауалы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тоғжановқа арналды, деп хабарлайды zakon.kz:

"Бейбіт елде береке бар" - демекші биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше маңызға ие, тарихи оқиғаға толы болмақ. Өйткені Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын үлгі тұтып атап өту үлкен мәртебеге ие. Бұл өткен жолымызға және елдік жетістіктерімізге есеп беретін шақта тұрмыз.

Еліміздің 30 жыл ішінде ішкі және сыртқы саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік-мәдени саладағы қол жеткізген табыстары айрықша! Мұны біз ғана емес, бүкіл әлемге танымал ғалымдарыда, саясаткерлерде, сарапшылары да паш етуде.

30 жылдық мерейтойды мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - бұл жай ғана кезекті күн емес. Біз бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек", - деді. Сонымен қатар, Президент мерейтой кезінде бірінші кезекте өскелең ұрпаққа бағытталған іс-шараларды, сондай-ақ басқа да бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді.

Осы отырыстан кейін мемлекеттік органдар осы бағытта жұмыстар жүргізуде. Дегенмен, жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқынын күшейтіп, идологиялық тұрғыда жұмыстар жүргізу қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарын ортаға салған болатын. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы екенін атап өтті.

Сондықтан да, халқымыздың дана сөзі бар "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" - демекші баршамыз еліміздің 30 жылдық аясында бірігіп, идеологиялық тұрғыда қолға алып, жұмыс жасасақ елдің бірлігі одан әрі нығая түсері анық.

Осыған байланысты депутаттық корпус осы мәселені қарастыру және пайдалану үшін бірқатар ұсыныстарды алға тартады, оның ішінде:

1. Ауылдық округтердің, аудандар мен облыстардың әкімдері, идеологиялық тұрғыда тарихи мұраны, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің жетістіктерін, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау жөнінде неғұрлым кең ауқымды жұмыс жүргізуі қажет.

2. Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертеңгі болашағымыз осы жастар буынында. Еліміздің білім ошақтарындағы жастарға бағыт-бағдар беруіне басымдық беріліп, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін үнемі насихаттау қажет. Сондай-ақ, "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" - демекші мемлекеттік тіл - сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден - бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды. Соныдқтан да, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне баса назар аударылса нұр үстіне нұр болар анық. Бұл – патриотизмді дамытудың бірден бір жолы деп есептейміз.

3. Ел Президенті сол отырыста: "Министрлер мен әкімдер "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын берік ұстануға тиіс. Азаматтардың арыз-тілектеріне жедел жауап беру қажет. Ең бастысы, Тәуелсіздіктің игіліктерін әрбір отандасымыз күнделікті тіршілігінде сезіне алатын болса - мақсатымыздың орындалғаны", – деп атап өтті. Сондықтан да, тиісті мемлекеттік органдардың халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, халықпен жұмыс істеу тәсілі тағы да нығайтылғаны жөн.

4. Рухани жаңғыру аясында тарихы, салт-дәстүрі бір көрші елдермен достық қарым-қатынасты, бірлігімізді мығым ету мақсатында Өзбекстандағы Төле би, Әйтеке би, Жүсіп Жалаңтөс батыр, бабаларымыз сияқты тұлғаларды және Еліміздегі Яссауи, Қорқыт ата, Қазбек би, Абай бабаларымыз секілді, тағы басқа тұлғалар туралы деректі фильмдер түсірілсе өскелең ұрпаққа өнеге. Осындай істер қолға алынса, тарихшы ғалымдарға, журналистерге екі елдің тарапынан ортақ архивтерге қол жеткізу мәселесіне қатысты бір қатар жұмыстар атқарылуы қажет.

5. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі барысында 26 жыл бойы қол жеткізілген жұмыстардың нәтижелерін көрсету де аса маңызды.

Осыған байланысты халықаралық ынтымақтастықты нығайту және мәдени қатынастарды дамытуға, Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған бастамаларды бірлесіп іске асыруды ұсынамыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: