Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда "Адал көмек" жобасы бір жылда не тындырды

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2020 21:52 Арайлым Тастемір
"Адал көмек" жобасы өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруда айрықша басымдыққа ие болды.

"Адал көмек" жобасы аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Бүгін бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай брифинг барысында баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Баспасөз жиынында Агенттікпен on-line режимде бастау алған "Адал көмек" жобасы аясында жыл бойына атқарылған жұмыстар барысы айтылды.

Мирас Асқарбайұлы азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде әр жұмыс күні мемлекеттік орган өкілдері халықпен тиімді байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы онлайн сұқбат өткізгенін және аталмыш жобаның маңыздылығын ескерген тәжірибелі адвокаттар мен нотариустар ерікті түрде тікелей эфир спикерлерінің қатарында болғанын атап өтті.

Іске қосылған жоба аясында мемлекеттік органдар құзыретіне кіретін қызмет түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге атсалысқан 16 қала/аудан және ауылдық әкімдері мен департамент басшылары, Әдеп жөніндегі уәкілдер мен аймақтық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсе жетекшілері халық пен билік арасында ашық диалогтық алаң құрып, тікелей эфирде тұрғындар үшін маңызды ақпараттар бергенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Түркістан өңірінде 772 тікелей эфир ұйымдастырылып, ол бойынша 405 мыңға жуық қаралым жинап үлгергенін тілге тиек етті.

Баспасөз жиынының спикері өз сөзінде "өңір тұрғындарына қажетті ақпараттар беру барысында негізінен, төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер, төтенше жағдай мерзімінде тіркеу қызметін алудың тәртібі, төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет үшін берілетін төлемдер, төтенше жағдайға байланысты қала аумағында қоғамдық көліктердің жүру тәртібі, төтенше жағдай режимінде медицина саласының қызметкерлеріне төленетін үстемақы, аймақтарда әр саланы (жер, ауылшаруашылық, білім, тұрғын-үй, құрылыс, ауыз су т.б.) дамыту және ауылды экономикалық-әлеуметтік дамыту бағытындағы және т.б. азаматтарға керек мәліметтер қамтылғанын айтып жиын соңын қорытындылады.

Айрықша атап өтсек, "Адал көмек" жобасы Елордада өткен "Адал тұлға" республикалық форумында "Жылдың үздік жобасы" деп танылып, жоба жетекшісі Айман Омарова "Адал тұлға - 2020" қоғамдық төсбелгісімен марапатталған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: