Франция Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 50 млн еуро жібереді
Baq.kz
Осылайша Франция соғысып жатқан Сирияға көмек көрсету бойынша Путиннің үндеуін қолдаған алғашқы еуропалық мемлекет болды.
Ресей Президенті Владимир Путиннің үндеуінен кейін Франция Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 50 млн еуро жібереді. Аталған шешімді Франция басшысы Эммануэль Макрон қабылдады. Бұл туралы ол Ресейдің президенті Владимир Путинмен өткен келіссөз нәтижесі бойынша баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.
Осылайша Франция соғысып жатқан Сирияға көмек көрсету бойынша Путиннің үндеуін қолдаған алғашқы еуропалық мемлекет болды. Бұған дейін дәл осындай мәлімдемені Түркия мен Иран жасаған болатын, алайда олардың бірде біреуі қайырымдылық сомасын жарияламады.
«Қомақты қаржы Сирия аумағында гуманитарлық қызмет көрсетуге жұмсалады және адамдардың гуманитарлық көммекке жүгінуіне жағдай жасайды», - деді Макрон.
Оның айтуынша, Франция Сирия аумағында түрлі үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейтін болады.
«Бұл жұмыс Сирияға пайдамызды тигізуге мүмкіндік береді», - деді Макрон.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript