Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Мәжілістің бірінші сессия жұмысын қорытындылады

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 18:14 Ж.Құспанов
Осы сессияда 230-дан аса депутаттық сауалдар жолданды.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының алғашқы сессия жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның жалпы отырысында осы сессия өз жұмысын қасиетті тәуелсіздігімізге 30 жыл толған тарихи кезеңде бастағанын алға тарта келіп:

- Осы сессиядағы жаңа және нақты қадамдар Мәжілістің заң шығару жұмысын одан әрі күшейтуге жол ашты.Соның нәтижесінде, Мәжіліс саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы зор көптеген заңдарды қабылдады. Көптеген парламенттік шаралар ұйымдастырылды. Бұл жолда біз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Стратегиялық бастамаларын және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін басшылыққа алдық. Оның барлығы, халқымыздың өмір сапасын арттыруға, еліміздің тұрақты дамуын заң деңгейінде қамтамасыз етуге ықпал етті, деді.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, сессия барысында депутаттар өздерінің заң шығарушылық бастамаларын белсенді қолданып, 10 заң жобасын әзірлеп шықты.

Сонымен қатар, осы сессияда 230-дан аса депутаттық сауалдар жолданды. Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және аймақтық даму мәселелеріне бағытталды.

Сондай-ақ, Палата Спикері сессия аяқталғанымен депутаттар өңірлерге, шалғайдағы ауылдық жерлерге барып сайлаушылармен кездесетінін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: