Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үнді штамына байланысты карантин күшейтіле ме - Бекшин жауабы

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 18:46 zakon.kz
Біз еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімін күтіп отырмыз - Бекшин.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың "үнді" штаммының анықталуына байланысты қалада карантин күшейтілетін-күшейтілмейтіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Енді олар енгізіледі (шаралар - редактордың ескертпесі). Біз еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімін күтіп отырмыз. Кеше Премьер-министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов бас санитарлық дәрігерге тиісті шараларды қабылдауды, соның ішінде халыққа қызмет ету саласында жұмыс істейтін адамдарды міндетті түрде вакциналаудан өткізуді тапсырды, - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен брифингте.

23 маусымда Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирустың үнді штамының айналыыста болу ықтималдығы расталғанын хабарлады.

Бас санитарлық дәрігердің бұйрығын орындаймыз. Біз екі облыста - астанада және Алматыда зерттеу жүргізіп, нәтижесін алдық. Кім алдын ала ақпаратпен қамтылса, сол адам қорғанысқа дайын демекші, енді біз дайындық шараларын қабылдап жатырмыз, - деп атап өтті ол

21 маусымда Нұр-Сұлтанда коронавирустың "дельта штамы" пайда болғаны белгілі болды. Кейінірек қалада карантин күшейтілетіні туралы хабарланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: