Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда қолөнер шеберлерінің орталығы ашылмақ

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 16:02 astana.gov.kz
Әкім Алтай Көлгінов көптеген ұсыныстарды қолдап, олардың өзектілігін атап өтті.

Қолөнер шеберлерін бір алаңда шоғырландыру арқылы елордада туристерді тартатын орталық құрылады, әрі қосымша жұмыс орындары ашылады, деп хабарлайды zakon.kz Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы және басқа да ұсыныстарды кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде айтты. Іс-шараға астана әкімі Алтай Күлгінов және Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Сүлейменов қатысты.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы сәні мен салтанаты жарасқан туристік брендті қалыптастыруда әлеуеті жоғары. Өңірде кәдесый бұйымдары өндірісінің болуы және қолөнер жәрмеңкелерінің өтуі туристік саланың дамуына оң ықпал етті. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында елорда мәртебесіне сай келетін қолөнер шеберлерінің бірыңғай орталығы жоқ, қала көшелерінде, көпшілік жиналатын орындар мен саябақтарда шетелде жасалған кәдесыйлар сатылады. Елорда және көрші жатқан өңірлердегі шеберлердің басын қосатын қолөнер шеберлері орталығын ашуды ұсынамыз. Орталық отандық шеберлер өндіретін өнім сапасын арттыруға ықпал етеді және туристерді тартатын тағы әсем орынға айналады, – деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Бағила Бисембаева.

Өндіріс пен дайын өнімді өткізуден басқа қолөнер шеберлері орталығында шеберлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ мәдени іс-шараларды өткізу көзделіп отыр, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, деп атап өтті спикер.

Кездесу барысында мамандар және жұмыспен қамту, инженерлік желілерді беру және өткізу, отандық тауар өндіруді қолдау, жеке балабақшаларға арналған екі жастан асқан балаларға арналған мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру, кәсіби білім беру мен меншік иелерінің бірлестігі жүйесін дамыту, сондай-ақ елордада Ashyq жобасын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Кәсіпкерлер өзекті мәселелер қатарында Нұр-Сұлтан қаласында жазғы кафелерді ұйымдастыруды атады.

Қазіргі таңда кафе мен мейрамханаларда келушілер арасында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету қажеттілігі салдарынан елордада жазғы алаңдарға маусымдық сұраныс артқан. Алайда жазғы кафе ашуға жер телімін жалға алу процесі қазіргі кезде көп уақыт алады. Кәсіптің маусымдық ерекшелігін ескере отырып, жазғы алаңдарды бөлу мәселелерін жедел қарау үшін жобалық кеңсе құруды ұсынамыз, – деді кәсіпкер, Өңірлік кеңестің мүшесі Ғани Тасмағанбетов.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры, астаналық мәслихат депутаты Алмат Жүнісов кездесуде кәсіпкерлер бизнес пен биліктің өзара іс-қимылын талап ететін аса маңызды ағымдағы мәселелерді көтергенін айтты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов көптеген ұсыныстарды қолдап, олардың өзектілігін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: