Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Мәжілісте "Nur Otan" фракциясының жиналысын өткізді

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 17:14 Ж.Құспанов
Нығматулин: Сайлауалды бағдарламаны орындау жөніндегі жол картасы - Nur Otan фракциясының бақылауында.

Мәжіліс Төрағасы, "Nur Otan" партиясы Фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісіндегі "Nur Otan" партиясы Фракциясының жиналысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыста депутаттардың жазғы кезеңде өңірлерге шығуы мен "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру жайы талқыланды.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір жекелеген өңірдің проблемаларын шешумен жүйелі түрде айналысуды, барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайтуға, өзекті мәселелерге жылдам көңіл бөліп, шешу жолдарын ұсыну туралы нақты тапсырма берген болатын.

Оның орындалуын қамтамасыз ету үшін депутаттар әрбір өңірлер бойынша бекітіліп, үйлестіруші топтар құрылды.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы аймақтарға сапар барысында қалалар мен аудандар, халықтың барлық әлеуметтік топтарды, шалғайдағы елді мекендердің барынша қамтылуы қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Палата Спикері партияның "Жол картасы" бағдарламасының мұқият орындалуына назар аударып, орындалу барысында күрделілік тудырған мәселелерді депутаттық сауалдар мен партияның қоғамдық кеңестерінің отырыстарында және Палата комитеттерінің іс-шараларында көтеруді тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 17:14

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: