Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Берік Қаниевті қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 23:27 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатымен құрылған "AirVision.kz" қоғамдық қорының жұмысы таныстырылды.

Мемлекет басшысы "Lancaster Group Kazakhstan" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне компанияның спорт, білім беру және экология салаларындағы іске асырылып жатқан жобалары таныстырылып, холдингтің пандемияға қарсы күреске қосқан үлесі туралы баяндалды.

Атап айтқанда Берік Қаниев Қасым-Жомарт Тоқаевқа балалар мен жасөспірімдер футболына жан-жақты қолдау көрсету, жаттығу орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту және бапкерлер құрамының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған "Jas Qyran" футбол лигасының жетістіктері туралы айтты.

Мемлекет басшысына Қазақстандағы инновациялық жекеменшік мектептер желісі – "Quantum STEM Schools" жобасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Аталған оқу орны Сингапур мен АҚШ елдерінің озық тәжірибесі негізінде білім беруді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатымен құрылған "AirVision.kz" қоғамдық қорының жұмысы таныстырылды.

Кездесу соңында Президент "Jas Qyran" футбол академиясы бұқаралық балалар спортын, соның ішінде, футболды дамытуда үлгі-өнеге көрсетіп отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы маңызды бастаманың сәтті іске асуына тілектестік білдіріп, "Lancaster Group Kazakhstan" компаниясының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесіне оң баға берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: