Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев азық-түлік қымбатшылығы туралы сұраққа жауап берді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2021 19:58 pixabay.com
Әкімнің айуынша, жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселесі ерекше бақылауда.

25 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифинг кезінде Алматы қаласы әкіміне азық-түлік қымбатшылығын ауыздықтау үшін қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала әкімі азық-түлік бағасын ауыздықтау үшін әкімдік қолға алған нақты шараларға кеңінен тоқталды.

15 атауы тіркелген ӘМАТ-ды төмен бағамен алып-сату үшін және "Тоймарт" және "Магнум" ірі сауда желілеріне жеңілдетілген қарыздар берілді. Сонымен қатар, "айналым" несиелерін беру арқылы ірі тауар өндірушілердің сату бағалары белгіленді. Мәселен, дүкендерге В, С сыныптан белгіленген бағамен нан жеткізу үшін "Ақсай" «НТК» ЖШС, сиыр етін жеткізу үшін "Union Products" ЖШС қарыз берді, - деді ол.

Оның айтуынша" осы "айналым" сызбасына басқа да ірі тауар өндірушілерді тарту қосымша пысықталуда.

Осылайша, қазіргі уақытта 3 жыл мерзімге белгіленген шекті баға бойынша 49,6 млн жұмыртқа жеткізуді ұйымдастыру үшін "Алсад" ЖШС-не "айналым" заемын беру мәселесі шешілмек. Сондай-ақ, "Асыл Meat" ЖШС-не сиыр етін В, С дүкендеріне белгіленген баға бойынша жеткізуді ұйымдастыру үшін 2022 жылдың маусымына дейін қарыз берілді. Сонымен қатар, 2021 жылы жоспарланған "айналым" қарызы аясында сөреде белгіленген шекті бағасы бар "Ақсу Кант" ЖШС-нен "Магнум" сауда желісіне 500 тонна қант жеткізілуде және егіннен 3000 тонна қант жеткізу ұйымдастырылады, - деді Сағынтаев.

Қаланың 7 негізгі азық-түлік базарларында (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме сауда), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб) "Әлеуметтік дүкендер" жұмыс істейді, онда ӘМБТ-тың 10 түрі (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, макарон өнімдері, ұн) сатылады. Белгіленген бағалар орташа нарықтық бағадан төмен, бұл сатушылар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады.

Бұдан басқа, 2020-2021 ж.ж. маусымаралық көкөністер құрылымының оң нәтижелері аясында 2021-2022 жылдары маусымаралық (2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін) "Магнум" көкөністерімен және басқа да сауда желілерімен қамтамасыз ету үшін 2,5 млрд. теңгеге көкөніс көлемінің 22 мың тоннаға дейін ұлғаюымен форвардтық сатып алу шарты жасалды, - деді ол.

Оның айтуынша, рспублика бойынша "форвардтық" шарттар шеңберінде барлығы 38 мың тонна көкөніс сатып алынды, оның 60%-ы Алматы қаласына тиесілі.

Осы жылдың 30 маусымына дейін бірінші санаттағы жұмыртқаларға шекті баға қолданылады (487 тг/он). Сондай-ақ, ақ қырыққабатқа 83 тг/кг мөлшерінде 30 күн мерзімге шекті баға белгілеу пысықталып жатыр.

Әкімнің айтуынша, жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселесі әкімдіктің ерекше бақылауында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: