Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

sports.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2021 16:08 sports.kz
Бұл рейтингте Қазақстанның тағы бір өкілі көш бастап тұр.

28 жастағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы - 30 жастағы америкалық Роб Брантты ойсырата ұтқан соң әлемдік рейтингте үздік ондық қатарына көтерілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, украиналық vRINGe.com сайтының жаңартылған рейтингісінде орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлы жетінші орынды иеленіп, Роб Брантты алғашқы үздік ондықтан ысырып тастады. Бұрын америкалық спортшы тоғызыншы орында болатын.

Рейтингте Қазақстанның тағы бір өкілі көш бастап тұр. Ол - IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин.

Орта салмақтағы үздік 10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан);

2. Джермалл Чарло (АҚШ);

3. Деметриус Андраде (АҚШ);

4. Хайме Мунгия (Мексика);

5. Эрисланди Лара (Куба);

6. кіші Крис Юбенк (Ұлыбритания);

7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);

8. Сергей Деревянченко (Украина);

9. Мацей Сулецски (Польша);

10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: