"Тур де Франс" шарасын ұйымдастырушылар жанкүйер қызды іздестіріп жатыр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2021 20:55 видеодан алынды
Жолда жапырлай құлаған велошабандоздар оқиғасына қолында плакаты бар қыз кінәлі.

Веложарыс алаңында қолында плакаты бар қыздың кесірінен үлкен апат болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тур де Франс" 108-ші көпкүндік веложарысының басталуы 20 шақты спортшының жарақат алуы сынды оқыс оқиғамен елдің есінде қалатын болды, деп хабарлайды Russia Today.

Жолда жапырлай құлаған велошабандоздар оқиғасына қолында плакаты бар қыз кінәлі. 20-дан астам велошабандозға медициналық көмек қажет болды, олардың төртеуі жарыстан еріксіз бас тартты. Полиция оқыс оқиғаға кінәліні іздестіріп жатыр.

Веложарыстың бірінші кезеңі Брестен Ландерноға дейінгі таулы аймақта өтті. 200-ге жуық велошабандоз тар жол бойымен бірыңғай пелотонмен ызғытып келе жатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: