Токио сатқан олимпиада билеттерін кері қабылдап жатыр
Ашық дерекөздерден алынды
Қолында билеті бар азаматтар оны 30 қарашаға дейін кері қайтара алады.
Токио олимпиадасына сатылған билеттер қайтарыла бастады. Халықаралық жарысты ұйымдастыру комитеті осындай шешім қабылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қолында билеті бар азаматтар оны 30 қарашаға дейін кері қайтара алады.
Соңғы ақпараттарға сәйкес Токио олимпиадасына 4,4 млн билет сатылған. Бұған қоса 1 миллионға жуық паралимпиада билеті де сатылып кеткен. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш 10 миллионға жетуі керек еді. Енді қалыптасқан жағдайға байланысты ұйымдастырушы тарап оны кері қабылдауға мәжбүр.
Айта кетейік, Токио олимпидасының уақыты бір жылға шегерілді. Қазақстан құрамасы оған 100-ден аса лицензия алуды жоспарлаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript