Атақты футболшы Ресей құрамасының масқарасын шығарды
РИА Новости
Черчесов өліп бара жатса да Александр Невский орденінен бас тарта қоймас.
"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы футболшысы Андрей Канчельскис Еуропа чемпионатынан ұшып кеткен Ресей құрамасының ойыншыларын орайы келгенде кекетіп тастады, дейді Sport24.
Ол Еуро додасында өте нашар нәтиже көрсеткен Ресей ойыншыларының көбінің еңбек сіңірген спорт шебері атағын алғанына назар аударды.
– Еуропа чемпионатындағы ең нашар команданың бас бапкері – Александр Невский орденінің иегері! Кезінде қатты қуаныштан таратып берген атақтар пен орденді кімдерге бергенін енді түсінген шығар. Ұяла ма екен сол үшін өздері? Бірақ беріліп қойған атақты енді тартып алу ыңғайыссыз. Черчесов өліп бара жатса да Александр Невский орденінен бас тарта қоймас, – деді Канчелскис.
Ресей құрамасы топтық кезеңде масқара болып, Еуропа чемпионатынан ұшып кетті. 21 маусымда Дания құрамасынан 1:4 есебімен ұтылып, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.
Сол Ресей ұлттық құрамасының ойыншылары 2018 жылғы Әлем кубогынан кейін еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript