Аптап ыстыққа байланысты бес өңірде ескерту жарияланды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2021 23:16 pixabay.com
29 маусымда Қызылорда облысында күндіз 40-42 градус ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

29 маусымда Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, ұйтқиды, желдің екпіні - 15-20 м / с.

Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м / с құрайды. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні - 18 м / с.

Қызылорда облысында күндіз 40-42 градус ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні -15 м / с. Өрт қаупі өте жоғары.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: