Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Беларусь премьер-министрімен екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2021 15:10 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты келіссөздердің қорытындысы Қазақстан мен Беларусь қатынастарының көкжиегін одан әрі кеңейте беруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

28 маусымда Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының премьер-министрі Роман Головченконы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық салалардағы байланыстарын, сондай-ақ, интеграциялық бірлестіктер аясындағы ықпалдастығын оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет басшыларының тығыз байланыс жасап тұратынын және жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтардың сәтті жүзеге асырылатынын ерекше атап өтті.

– Сіздің бұл сапарыңыздың бағдарламасы тығыз екен. Қостанай облысына бардыңыз. Бұл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы әлеуеті тұрғысынан өте маңызды аймақ. Нақты келісімдерге қол жеткізіліпті. Сенбі күні Президенттеріңіз Александр Лукашенкомен сөйлестім. Екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмастық. Қазақстан үшін Беларусь, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ел. Ынтымақтастығымызды нығайтып, дамыта беру үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты келіссөздердің қорытындысы Қазақстан мен Беларусь қатынастарының көкжиегін одан әрі кеңейте беруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

– Әрине, бұл уағдаластықтар бір сәттік емес, сондықтан оған байыппен қарап, жүктелген міндеттемелерді орындауымыз керек. Яғни, бос сөзге малданбай, Сіздің тарапыңыздан және үкіметтер деңгейіндегі келіссөздер барысында айтылған барлық мәселені нақты шешу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Беларусь премьер-Министрі Роман Головченко Александр Лукашенконың сәлемін жеткізді және екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

– Біз әрдайым одақтас әрі серіктес елміз. Адами фактор – іскерлік қатынастарды дамыту үшін аса маңызды. Сондықтан пандемиядан кейінгі кезеңде сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың қарқынды дамитынына сенімдіміз. Беларусьтің Қазақстанға, ал Қазақстанның Беларуське шығаратын экспорты жылдам артып келеді. Бұл Қазақстан үшін өте жақсы фактор болып табылады, – деді Роман Головченко.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: