Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев жер қатынастары жөніндегі заңға қол қойды

365.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 23:25 365.info
Заңның мақсаты - жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мақсаты - жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу және жер телімін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту.

Негізгі заңдық өзгерістер мен толықтырулар мыналарды көздейді: қазақстандықтар мен қазақстандық заңды тұлғаларға ауылшаруашылық жерлерін 49 жылға дейін жалға алуға, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімін тағы да ұзартуға құқық беру, сондай-ақ мемлекеттен сатып алынбаған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға алу құқығынан айыру.

Сонымен бірге ондай жер телімін пайдалану мерзімі кемінде 5 жылды құрайды, сонымен қатар жер қатынастары жөніндегі органдарға хабарлама беру міндетті шарт болып табылады.

Құжатта мынандай келесі міндеттер де ескерілген:

- Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке қайтару;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің "көгалдандыру" және "саяжай құрылысы" мақсаттарын өзгертуге тыйым салу;

- халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жоспарларында талап етілетін жайылымдық шекараларды анықтау;

- ұсынылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпаратты мемлекеттік жер кадастрының интернет-ресурсында орналастыру;

- ауылшаруашылық жер телімдерін қазақстандықтарға жеке меншікке беруге жарияланған мораторийді 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: